ШҚО-да автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды

ШҚО-да автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды
kstnews.kz

13 ақпан күні сағат 16:30 шамасында Глубокое ауданы Өскемен-Риддер автожолының 34 шақырымында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Datsun маркалы көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бірқатар сот сараптамасы тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері қарауға жатпайды.