Қарағанды облысында қар құрсауынан 38 адам құтқарылды

Қарағанды облысында қар құрсауынан 38 адам құтқарылды

Қарағанды облысында 700-ден астам адам жолда қалып қойған. Олардың 15-і Осакаровка ауылының мәдениет үйіне жеткізілді.

Өткен бір тәулікте 6 апаттық құтқару шарасы өткізілді. 38 адам қар құрсауынан шығарылды. Олардың 4-і бала. Мамандар 3 автокөлікті эвакуаторға тиеп алып кетті. Қазір өңірдегі республикалық жолдардың 10 учаскесі жабық. Ахуалды бақылау үшін 15 бекет жұмыс істеп жатыр.