Павлодарлық тұрғын дүкеннен 1,4 млн теңгеге шоколад ұрлап, арзанға сатпақ болған

Павлодарлық тұрғын дүкеннен 1,4 млн теңгеге шоколад ұрлап, арзанға сатпақ болған
pavlodarnews.kz

33 жастағы қала тұрғыны досымен бірге қоймадан шоколад ұрлау туралы  келісіп алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, олар түнгі уақытта қаладағы азық-түлік қоймаларының біріне кіріп, бір миллион 400 мың теңгеге 98 қорап шоколад ұрлап кеткен. Алдымен шоколадтарды жүк арбасына тиеп алған, кейін қоршау арқылы лақтырып, машинаға тиеген.

- Қораптарды менің көлігіме салдық. Көлікті гаражға қоюды жоспарлаған едім. Кейін шоколадты қала дүкендеріне сатпақ  едім. Тезірек қолма-қол ақша алу үшін  арзандау сатпақ болдым. Ол кезде мен күнде спирттік ішімдік ішетінмін, жұмыс істемедім.  Не ойлағанымды білмеймін, бірақ сол кезде жазасыз қаламын деп үміттендім, - дейді жазасын өтеуші. 

Сот ер адамды қылмыс жасағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеді.

- Сотталған адам есепке алынғаннан кейін  жұмысқа орналасқан болатын. Қазір менеджер болып жұмыс істейді. Отбасымен тұрады. Қайтадан қылмыс жасамау керек екені туралы үнемі әңгіме өткізіліп тұрады, - деді Павлодар қаласы пробация қызметінің аға инспекторы Мәншүк Сыздықова.

Айта кетерлігі,  жазасын өтеуші жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеген.