Павлодарда ер адам кәріз құдығына түсіп кетті

Павлодарда ер адам кәріз құдығына түсіп кетті
pavlodarnews.kz

30 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігін өзі шақырған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетіп, біраз зақым алған.

Медицина қызметкерлері оны тексеріп шығып, тиісті көмек көрсетті. Сол жақ иығы мен оң жақ аяғын жарақаттаған.

Ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

Еске сала кетейік, жуырда кәріз құдығына түсіп кеткен әйел адам құтқарылған болатын.