Қостанай облысында қар құрсауында қалған 43 адам құтқарылды  

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 43 адам құтқарылды   

Қостанай облысында өткен тәулікте қар құрсауында қалған 43 адам құтқарылды. Олардың бесеуі бала.

Жолаушылар қатты боран соққанда Әулиекөл және Жітіқара ауданындағы тас жолдың бойында қалып қойған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы техника және құрал-саймандардың көмегімен алты жеңіл және үш жүк көлігін қар үйінділерінен сүйретіп шыққан. Құтқарылған азаматтар медициналық көмектен бас тартқан.