Кентау қаласының әкімі пара алу күдігі бойынша ұсталды

Иллюстративті фото / 24.kz

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының әкімі М.Д-ға қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, күдікті 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Кентау қаласының автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.