Таразда атыс болды

Тараз қаласында атыс болып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Оқ атылғаны туралы ақпар кеше кешкі 22.00 шамасында хабарланған. Оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.