Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 16 қару және 300 оқ табылды

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 16 қару және 300 оқ табылды

Жамбыл облысында тағы 16 қару және түрлі калибрлі 300-ден аса оқ табылды.

Қақтығыс кезінде қолды болған қару үйдің шатыры, арық-атыздар, тіпті зираттарға жасырылған. Қазір полицейлер іздеу жұмыстарына күш салып жатыр. Қаңтар оқиғасында жалпы саны 800 қару мен мыңдаған дана оқдәрі ұрланған. Қазір соның тек 300-ге жуығы ғана тәркіленді. Сонымен қатар 11600-ден астам оқ табылды. 500-ден астам қару әлі де табылмай жатыр. Полиция оларды өз еркімен тапсырғандарды жазаламауға кепілдік беріп отыр.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Полиция департаменті қызметкерлері 16 бірлік қару мен 300-ден астам патронды алды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.