Атырауда медициналық зиянды қалдықтар ашық аспан астында өртелген

Атырауда медициналық зиянды қалдықтар ашық аспан астында өртелген

Мұны экология белсенділері анықтап, әлеуметтік желіде дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқпалы аурулар ауруханасынан шыққан медициналық қалдықтар екенін дәлелдеп берді. Арасында ВИЧ, коронавирус, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жабдықтар бар. Қалдықты жоюға жауапты мекеменің күнделікті кәсібі екеніне мына көріністер куә. Қоқыс полигонында тұрмыстық қатты қалдықтардан өзге мал өлекселері, басқа да зиянды заттар араласып кеткен. Зиянды қалдықтарды ашық алаңда өртеу экологиялық талаптарға қайшы екенін құзырлы органдар да растап отыр. Бірақ шағын бизнес нысанына тексеріс жүргізу жарияланған мороторийге байланысты назардан тыс қалыпты. Енді аталған мекеменің қызметін құзырлы органдар қатаң бақылауға алатын болды.

Сырым Тілегенов, Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары:

- Контейнерлік тәріздес ыдысқа салып жағу дұрыс емес, заңға қайшы келеді. Заң бойынша утильдік пешті оны газбен болмаса, дизель отынымен астынан от үлкен температурада жағып, қалдықты өзінің тәртібіне сәйкес, аз-аз мөлшерде салып толық жанып кетуін қадағалау керек. Енді бұл жерде малдың өлексесі қалай келді? Оның тексеріс барысында анықтайтын боламыз.