Атырауда жалған хабарлама жұртты әбігерге салды

Бүгін таңертең Атырау қаласындағы нөмірі он алтыншы мектептің ресми сайтына әлдебіреу «мектеп ғимаратында жарылғыш зат бар» деген ақпарат жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел жеткен құзырлы орган өкілдері оқушылар мен мектеп ұжымын қауіпсіз жерге шығарып, іздеу жұмыстарын жүргізген. Алайда ақпарат жалған болып шықты. Салдарынан бүгін мектепте түске дейін сабақ болған жоқ. Ал түстен кейінгі оқитындар онлайн жүйесіне көшірілді. Қазір тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыны іздеуге кірісті.

Айта кетейік, бұл Атырауда соңғы 6 айда жалған содырлық туралы тіркеліп отырған үшінші жағдай екен. Еріккендер отпен ойнауын тоқтатар емес.