Жемқорлықпен ұсталған Жанғұттинов қызметінен босатылды

Жемқорлықпен ұсталған Жанғұттинов қызметінен босатылды
Қазақпарат

Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істей алмайды. Бүгін Сенат осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, ол өткен жылы сыбайлас жемқорлығы үшін сотталған. Сот оны аса ірі көлемде, яғни  27 мың доллар пара алғаны үшін кінәлі деп тапты. Желтоқсан айында сот Жанғұттинді бес жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ  мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енді.