Павлодар облысында жоғалып кеткен зейнеткер үсіп кеткен

Қайғылы хабарды  VITA жасағының еріктілері жеткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- Бүгін полиция әженің денесін оның үйінен 200 метр қашықтықта тапты, - деді VITA басшысы Екатерина Кудрявцева.

Алдын ала болжам бойынша, әйел адам үсіп кетіп, көз жұмған.

Естеріңізге сала кетейік,  Набережное ауылының 86 жастағы тұрғыны 9 наурыз күні кешке белгісіз бағытта шығып кеткен.