Шымбұлақта қар көшкінінен бір адам көз жұмды

Шаңғы тебуге келген 1975 жылы туған ер адамның абайсызда опат болғаны туралы Тау шаңғы курортының әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қар көшкіні туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 10.58-де түскен. 11.12-де оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамның мәйітін тапты. Ол шаңғы тебуге рұқсат етілген трасса бойынан асып кеткен. Әкімшілік өкілдері қаза тапқан адамда көшкін кезінде қажетті жабдығы өзімен бірге болмағанын мәлімдеді. Бұған дейін төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні жөнінде ескерту хабарламасын таратқан болатын.