Батыс Қазақстанда бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

Батыс Қазақстанда бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

400 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырған екі адам істі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазынаға қол салу дерегі қаржылық тексеру барысында анықталды. «Электромонтаж» АҚ филиалының директоры Сәрсенбаев пен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Исманов Оралдағы тұрғын жай ауданына электр жабдықтарын жеткізуге бөлінген қаржыны қалтаға басқан. Сот шешіміне сай айыптаушылар бюджетке келтірілген шығынды толықтай өтеді. Қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы  қызметкеріне 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай ақ оның мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқаруына да тиым салынды.