Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам ауруханаға түсті

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам ауруханаға түсті
inform.kz

Жол-көлік апаты 16 наурызда сағат 08:30 шамасында «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолдың бойында болған.

Жолдың қарсы бағытына шыққан «Toyota Camry» автокөлігі «Skoda» қызметтік көлігімен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасының салдарынан 7 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. «Тoyota Camry» көлігіндегі жолаушыларды шығару үшін облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің қызметкерлері жұмылдырылды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.