Шиеліде аудандық білім бөлімі сүтті сатып алу бағасын негізсіз көтерген

Бір литр сүттің бағасы 14 жарым миллион теңге.

Шиелі аудандық білім бөлімі осындай бағамен мемлекеттік сатып алу сайтына лот жариялаған. Негізсіз баға өсіру дерегін дереу байқаған антикор мамандарының ықпалымен сүттің құны 223 теңгеге түсірілді. Осындай баға өсіру деректері Қармақшы ауданында да кездесті. №275 мектептің басшылығы балалар күртесінің 125 данасын 1 миллион 670 мың теңгеге бағалап жіберген. Сонымен қатар 11 мемлекеттік мекеме дизель мен бензиннің бөлшек саудада бекітілген шекті құнын ескермей, 110 миллион теңгенің мұнай өнімдеріне тапсырыс берген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маманадары оның да жолын кесіп, 40 миллиондай қаражат қазынаға қайтарылды.