Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Костанайские новости

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. Апат 23 наурызда 22:50-де Омбы-Майқапшағай тас жолында болған.

Toyota Camry-20 жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден өтпек болған 25 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен азамат оқиға орнында көз жұмды.

– Адам өліміне алып келген екінші жол-көлік оқиғасы дәл осы күні Павлодар-Ленин тас жолында18:30-да болған. 38 жастағы Lada Priora жүргізушісі боран салдарынан көлікті тізгіндей алмай қалып, жақтауға соғылған. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Сараптама тағайындалды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.