Нұр-Cұлтан - Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды

Нұр-Cұлтан - Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды
Skytrax

Нұр-Cұлтан - Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралды.

Бұл туралы «Хабар 24» ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлады.

«Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуе компаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты ұшу әуежайына Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралды. Әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады» делінген хабарламада.