Алматыда Telegram канал арқылы есірткі сатқан ер адам ұсталды

Полиция департаментінің мәліметінше, есірткі сатты деген күдікпен Алматы қаласының 29 жастағы тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ұсталған күдіктінің үйінен құрамында түрлі-түсті ұнтақ тәрізді заттары бар 15 қаптама, электронды таразы, сондай-ақ «скорость» және «мефедрон» синтетикалық есірткі заттарын жарнамалау және сату туралы дербес компьютердегі мәліметтер табылып, тәркіленді. Сондай-ақ көлігінен де бірнеше шөп салынған қаптама табылған.

«Оның Telegram платформасында жеке ресурсы бар екендігі, сол арқылы синтетикалық есірткі сататындығы анықталды»,– дейді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Telegram платформасы бұғатталды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды.