БҚО-да тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды

БҚО-да тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды
inform.kz

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Оқиға 27 наурыз күні сағат 00.30-да Бәйтерек ауданы Көшім ауылында болды. Достық көшесі 36 мекенжайында жеке тұрғын үй отқа оранды. Аумағы 30 шаршы метрді қамтыған үйде жеке заттар мен жұмсақ жиһаз жанған. Өрт орнынан газдан улану белгілері бар 1951 және 1981 жылғы екі ер адамның мүрдесі табылды. Тілсіз жау сағат 02.03-те оқшауланып, 02.50-де толықтай ауыздықталды. От шылым шегу кезінде абай болмаудан шығуы мүмкін деген болжам бар. Кінәлі адамдар мен келтірілген залал анықталу үстінде.