Маңғыстауда контрабандалық тауар тәркіленді

Маңғыстаулық кеденшілер Құрық теңіз портында ірі мөлшерде контрабандалық тауар тасыған жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Департаменттің хабарлауынша, заңсыз тауар құны 136 миллион теңгенің шамасында. Оған 40 миллион теңгедей салық пен кедендік төлем төлену керек. Тексеру барысында көліктен аяқ киім, балалар мен ересектер киімдері, медициналық заттар тәркіленген. Тауарлар Түркиядан Алматыға жөнелтілмек болған. Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.