Жезқазғандағы кен байыту зауытынан өрт шықты

Қызыл жалын өнеркәсіптік аймақтың бірінші және екінші цехында тұтанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртке электрмен жабдықтау жүйесіндегі кернеудің кенеттен төмендеуі себеп болған. Таңертең 7 сағат 35 минутта цех қызметкерлері отты өз қолымен өшірген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Фабрика өкілдері цехтың жұмысы штаттық режимде жалғасқанын айтты.