Семейде суретке түспек болған бойжеткен суға кетті

Koksheinform.kz

Семейде Ертіс өзенінде суретке түспек болған екі бойжеткен суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біреуін жақын жерде жүрген әкесі құтқарып үлгерді. Ал екіншісін судан уақытлы алып шығуға уақыт жетпеді. Ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.

Айта кетейік, бойжеткеннің бірі 1998, ал екіншісі 1999 жылы туған. Құтқарылған қыз медициналық көмекке жүгінбеді. Осы орайда құтқарушылар көктемгі мұздың қауіпті екенін ескертіп, қауіпсіздік талаптарын естен шығармауға шақырады.