СҚО-да мектептің шатыры құлады

Солтүстік Қазақстан облысында тағы да төтенше жағдай. Бұл жолы Тоқшын мектеп-гимназиясының шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім ордасына жапсарлата орналасқан акт залының төбесі құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына бірден уәкілетті органдардың басшылары жетті. Сондай-ақ мән-жайды анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Айта кету қажет, бұл білім ошағы 1955 жылы пайдалануға берілген.

Әсел Оразбаева, СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы:

– Алдын ала жасалған болжам бойынша оқиға іргетастың шолуымен шатырдан сулардың ағуы себеп болды. Мектепте қазір 293 оқушы оқиды. Мәселені шешкенге дейін олар қашықтықтан сабақ оқитын болады. Биылғы жылы әкімдік мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша қаражат бөлді.