Қырғызстанмен шекарада көлеңкелі нарықтың тауары тәркіленді 

Қырғызстанмен шекарада көлеңкелі нарықтың тауары тәркіленді 
Қазақпарат

Көрші елмен арадағы шекарада киім-кешек, опа-далап, ыдыс-аяқ сынды заңсыз тауар тиелген 6 көлік тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжаттарға сәйкес халық тұтынатын тауардың ірі партиясы Қазақстанға импортталуы тиіс деп көрсетілген. Алайда мемлекеттік кірістер комитеті құжатта белгіленген компанияның тауар импортына еш қатысы жоқ екенін анықтады. Жалпы импортқа қатысы жоқ тұлғалардың атына тауар тіркеу импортқа қосылған құнға салынатын салық төлеуден жалтарудың жолы саналады.