Қарағандыдағы су басқан көпқабатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Қарағандыдағы су басқан көпқабатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Қарағанды қаласында қардың еруі салдарынан қызыл судың құрсауында қалған көпқабатты үш үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл маңда су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар бұл үйлер бұрынғы Бұқпа өзенінің сағасында салынған деп отыр. Соның салдарынан күн күрт ысыған кезде су дәл осы маңға жайылған. Қазір аталған үш бірдей үйде электр тұйықталуын болдырмау мақсатында тоқ толық өшірілген. Мұнда 36 пәтер бар. 23 пәтердің тұрғындары қонақ үйге орналастырылған. Қалғандары туыстарына кетіпті. Қазір көпқабатты үйлер күзетілуде.

Ермағамбет Бөлекпаев, қала әкімі:

– Эвакуацияны өзіміз әдейі жасаттық. Қазір жертөледегі суды сорғызудың қажеті жоқ, онда су ағып жатыр. Егер оны сорғызсақ та шықпайды. Оны таңертең 8-де кездескен кезде де түсіндіріп айттық, келісті. Қазір біздің бірінші мақсат – суды өткізу, басқа су өткізетін вариант жоқ. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасаймыз.