Түркістан облысында жол апатынан үш адам опат болды

Түркістан облысында 30-ға жуық жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше кешкісін сағат жеті шамасында Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, автобус Шымкентке қарай бет алған. Сол кезде қарсы беттен Audi 100 маркалы көлігі шығып, автобуспен соқтығысады. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, автобустың 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталып жатыр.