Қызылордада өрт шығып, бірнеше ғимаратты шарпыды

Қызылордада өрт шығып, бірнеше ғимаратты шарпыды
inform.kz

Өрт қаладағы бірнеше жеке тұрғын үйге, қосалқы ғимараттарға және жүк көлігіне залал келтірді.

Тілсіз жау облыс орталығындағы С.Бедебеков көшесінде орналасқан №22 тұрғын үйдің ауласынан басталады. Ұзындығы 20 метрлік ағаш қоршау мен монша шатыры өртенген. Қызыл жалын одан кейін У.Төрәлиев көшесіндегі №23 тұрғын үй ауласындағы ауданы 200 шаршы метр болатын қураған шөптерді шарпиды. Салдарынан сол аумақта тұрған «Mersedes-benz 1217» маркалы жүк көлігінің кабинасына от тиеді. Сол көше бойындағы №21, №25 жеке тұрғын үйлердің сыртқы пеноплекс қаптамасын, суағарын, пластик терезесін зақымдаған. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.