Ақтөбе облысының бас экологы пара алғаны үшін сотталды

BAQ.KZ

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 12 млн теңге сомасындағы айыппұл жазасына кесілді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

«Нұржан Аққұл өткен жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған», – делінген мәліметте.

Аталған параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.