Ақтөбеде тежегіші істен шыққан автобус ғимаратқа соғылды

Ақтөбеде қоғамдық көлік жол бойындағы дүкенге соқтығысқан, адамдар аман, тек кейбір нысанға зақым келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекті аялдамадан қозғалған №7автобус көше қиылысынан кейін бағытын күрт өзгертіп, тротуар асқан. Абырой болғанда жол бойында жаяу жүргінші кезікпеді. Полицейлер жүргізушінің де қоғамдық көлік ішіндегі жолаушылардың да жарақат алмағандығын айтады. Тек автобус соғылған ғимараттың қабырғасына сызат түсіп, ұялы телефон жөндеу орны мен көршілес киім дүкенінің есік-терезесі қираған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша және жүргізушінің айтуынша автокөліктің тежегіші ұстамай қалғандықтан, осындай жол-көлік оқиғасы орын алған.