Қостанайлық зейнеткер алаяққа алданып қалған

Қостанайлық зейнеткер алаяққа алданып қалған

Қостанай облысында зейнеткердің атына заңсыз онлайн-несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 65 жастағы тұрғынның жеке құжаттарын пайдаланып, қымбат ұялы телефон сатып алған. Шығын көлемі 600 мың теңгеге жуықтайды. Жәбірленуші банкте өз атында несие барын зейнетақы сомасының азайғанынан білген. Есеп-шоттағы қарыз былтыр қазан айынан бері өтелмей келген. Сондықтан банк берешек ақшаны ер кісінің зейнетақысынан ұстап отырған. Жедел тергеу амалдары кезінде полицейлер 46 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Зейнеткерге тиесілі ақша толық қайтарылды.