ШҚО-да демалыс орнынан өрт шықты 

ШҚО-да демалыс орнынан өрт шықты 

Шығыс Қазақстан облысында демалыс аймағындағы коттедж өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау ғимараттың 210 шаршы метр жерін күлге айналдырды. Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД жеке құрамның 16 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

ТЕЛЕФОН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ  

Таразда қоғамдық көлікте телефон ұрлаған күдікті ұсталды. Жәбірленуші қалалық полиция басқармасына қоғамдық көлікте ұялы телефонын ұрлатып алғаны туралы арызданған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның бұл әрекеті автобус ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

КӨШЕДЕ ЖАҒА ЖЫРТЫСТЫ  

Алматыда екі ер адам жолдың үстінде тұрып жаға жыртысты. Оны куәгерлердің бірі көлік ішінде отырып видеоға түсіріп алған. Автордың айтуынша, оқиға мектептің дәл алдында болған. Жүргізушілер жолға таласып қалған. Қазір полиция қызметкерлері төбелескен азаматтардың жеке басын анықтап, тексеру жүргізіп жатыр