Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен 17 жасар оқушы ұсталды  

Ақтөбеде 17 жасар қыз өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға облыс орталығының шағын аудандарының бірінде болған. Полицейлердің айтуынша, жеткіншек мектеп оқушысы. Қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Күдікті ретінде 17 жасар оқушы қыз және оның 19 жастағы танысы күдікті болып табылып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Басқа ақпарат осы қылмысты тергеу барысында жариялауға жатпайтындығын хабарлаймыз.