Маңғыстау облысында нөсер жауып, көшелерді су басты

Өңірде кешелі бері жауған жаңбырдың соңы селге ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан Жаңаөзенде көшелерді су басып, нөсер жауын Ақтау-Жетібай арасындағы жолдың бір бөлігін шайып кетті. Бірақ бұл бағыттағы жол қозғалысы тоқтаған жоқ. Ал Жаңаөзенде 3 көшедегі бірнеше жер үй мен мектеп ауласын құрғату жұмыстары 6 мамырға қараған түннен басталды. Бұл аумаққа төтенше жағдайлар департаменті және коммуналдық мекеменің 30-дан астам қызметкері мен 13 арнайы техника тартылған. Синоптиктер бүгін де кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін екенін айтады.