ШҚО-да көлік апатынан 6 адам мерт болды

ШҚО-да көлік апатынан 6 адам мерт болды
blogspot.com

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 наурыз сағат 11:20 шамасында республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тас жолының Жарма ауданы Шар қаласының маңындағы учаскесінде болды.

«Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген» делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.