Мас күйінде полиция пунктін таспен ұрған Орал тұрғыны ұсталды

Мас күйінде полиция пунктін таспен ұрған Орал тұрғыны ұсталды
ҚазАқпарат

Ішімдік ішкен ер адамның полиция пунктін қатты затпен ұрған бейнежазбасы әлеуметтік желіге жүктеліп, тарап кеткен.

Сосын оны тағы бір ер адам келіп, алып кеткен. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 мамыр күні сағат шамамен 09.30-да Д.Нұрпейісова көшесінде болды. Мас күйінде жүрген 44 жастағы ер адам полиция пунктін кірпіш тасқа ұқсас затпен соғып, зақым келтірген. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағы адамдарды сыйламаушылық танытқан. Аталған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес хаттама толтырылған.