Павлодардағы базардың жанында көлік өртенді

Көлік ішінде жүргізуші темекі тұтатпақ болғанда от шыққан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, көліктің салоны мен жүк салғыш бөлігі данып кеткен.

- 2022 жылғы 10 мамыр күні сағат 10:26-да Катаев көшесі, 9 үйге қарама-қарсы тұста Mazda көлігі жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. 1996 шығарылған көліктің салоны мен жүк салғыш бөлігі 4 шаршы метр амуақта жанып кетті. Көлік ішінде газ жиналып, жүргізуші темекісін тұтатқан сәтте от шыққан. Көлік бензинмен жүреді, - деді департаментте.

Өрт сөндірушілер жүк салғыштан ішінде бензині бар үш 20 литрлік канситр алып шыққан. Өрт сағат 10:36-да сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жеке құрамның 5 адамы мен 1 техника жұмыс жасады.