Түркістан облысында бір жасар сәби әжетханаға түсіп кетті

Түркістан облысында бір жасар сәби әжетханаға түсіп кетті

Бүгін Түркістан облысында 1 жасар сәби тереңдігі 4 метр болатын әжетхана шұңқырына түсіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Қазығұрт елді мекенінде болды. Құтқарушылар арқанның көмегімен баланы шұңқырдан аман алып шығып, медицина қызметкерлерінің қолына тапсырды. Сәби дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.