Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті
gr.by

Сәби ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде орын алды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.

- Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп хабарлады басқармада.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.