Павлодарда есірткі курьері ұсталды

Павлодарда есірткі курьері ұсталды

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жедел қызметкерлері 32 жастағы есірткі курьерін ұстаған. 

– Ол пайдакүнемдік мақсатта тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан. Ер адамның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде салмағы 700 грамнан асатын «кристалл заттар» табылды. Кейін тағы 390 грамм есірткі алынды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келіден асатын синтетикалық a-PVP есірткі болып табылады, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ер адамның есірткі қоймасының аймақтық курьері және буып-түюші рөлін атқарғаны анықталды.

Күдікті есірткінің үлкен партиясын алып, кейін заттарды құпия бетбелгілерге салған. Тәркіленген есірткінің келісі – 5 мыңнан астам бір реттік доза.