БҚО-да екі жастағы қыз баланың үстіне теледидар құлап кетті

БҚО-да екі жастағы қыз баланың үстіне теледидар құлап кетті

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық ауруханасында 2 жастағы қыз баланың үстіне теледидар құлап кетті. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.

Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұдан бұрын ол осы ауруханада ем алған. Оқиға болған күні әкесі екеуі анықтама қағазын алу үшін дәрігерге келген. Ер адам кезек күтіп отырғанда, бала ойнап жүрген. Абайсызда теледидар тұрған жиһазға мініп, тұрмыстық техника үстіне құлайды. Әкесі орнынан ұшып тұрып, баланы бірден дәрігерге апарған. Кейін ауылдан реанимобильмен қаладағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазір баланың жағдайы ауыр, -  дейді дәрігерлер.

Бас сүйегінен жарақат алған, маңдай-шеке сүйегі сынған.