Алматыда «Атакент» маңында алапат өрт шықты

Алматыда «Атакент» маңында алапат өрт шықты. Куәгерлер оқиға видеосын таратып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері ведомство күштері мен техникасы Бостандық ауданы, Тимирязев 42 мекенжайындағы өртке жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілгенін хабарлады.

«Алғашқы жеткен өрт сөндірушілер №9 павильон жанып жатқанын анықтады. Өрт таралу қаупі жоқ», – деді баспасөз қызметіндегілер.