Қосшы қаласында 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Қосшы қаласында 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Ақмола облысы Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.

«Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», - деді ведомстводан. Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр.

Арнайы органдардың есебінде тұрмайды. Айта кетейік, бұған дейін Қосшыда 7 жасар қыз пештің ішінде тұншығып көз жұмғанын хабарлаған едік.