Нұр-Сұлтанда екі бала суға кетті

Нұр-Сұлтанда екі бала суға кетті

Бүгін түс кезінде Төтенше жағадйлар қызметіне Есіл өзенінің Бейсеков көшесі тұсында шомылып жүрген екі баланың суға кетіп қалғаны туралы хабар түскен.

Құтқарушылар екеуінің де денесін судан алып шықты. Жалпы бұл аумаққа шомылуға тыйым салынған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, елордада тек үш аумақта ғана суға түсуге рұқсат етілген. Құтқарушылар жаз мезгілі әрі балардың демалыс уақыты болғандықтан оларға үлкендердің бас-көз болуын сұрайды.