Павлодар облысында сұйықтық ішкен жетінші адам көз жұмды

Павлодар облысында белгісіз сұйықтық ішкен тағы бір адам қайтыс болды.

Осылайша мерт болғандардың саны 7 адамға жетіп отыр. Мұны №3 қалалаық аурухана дәрігерлері растады. Әлгі марқұм аудандық емдеу мекемесіне ауыр халде жеткізілген екен. Қайтыс болғандардың барлығы бір ыдысқа құйылған сұйықтық ішкені анықталып жатыр. Әзірге оның не екені белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері қазір осы жайтқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.