Семейлік азамат өртеніп жатқан дәмханадан екі адамды аман алып шықты

Батырлар өз арамызда жүр! Семейлік Дәурен Жанбаев лаулаған оттың арасынан екі адамды алып шықты. Оқиға қаладағы дәмханада болған. Өзгенің өмірі үшін өз өмірін қатерге тіккен азаматпен тілшілеріміз тілдесіп қатты.

Оқыс оқиға түнде болған. Көрші көшедегі түтінді байқаған Дәурен Жанбаев бірден «101» қызметіне хабар беріп, іштегі адамдарды өзі құтқаруға кірісіп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәурен Жанбаев, қала тұрғыны:

Өзім кафенің ішінде барып, есік-терезелерін тарсылдатып, мүмкін ішінде кісі бар, адам бар шығар деп. Есік арқылы кіре алмадым. Содан кейін далаға шығып, даладан терезелерді сындырып, терезеден ана кісіні алып шықтым.

Осылайша ол 27 және 37 жастағы жерлестерін аман алып қана қоймай, өрттің лапылдап күш алмауына септігін тигізді.

Естай Олжабаев, қалалық ТЖБ бөлімінің аға анықтаушысы:

Біздің қызметкерлер келген кезде ғимараттың бірінші қабатында тұрмыстық техникалар мен есік-терезелердің жанып жатқаны белгілі болды. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Екі адамды құтқарып қалған азамат – бес баланың әкесі. Мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істейді. Оны көрсеткен ерлігі үшін ұжымы құттықтады. Ал төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әсем Өтешова, Берік Жобалай