Баянауыл ұлттық табиғи саябағынан өрт шықты

Pavlodarnews.kz

Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты. Тау шатқалындағы өртке найзағай себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын шамамен 10 гектар алқапқа таралған. Тілсіз жаумен күрес шараларына Баянауыл ұлттық паркінен 50 адам, 4 өрт сөндіру көлігі мен 1 су таситын техника жұмылдырылған. Ұлттық паркке әкімдіктен 30 адам сонымен қатар ауыл тұрғындарынан құрылған еріктілер жасағы көмекке келді. Кеше басталған өрттің беті қайтқанымен зардаптарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері, жалпы аумағы мен келтірілген шығын көлемі әлі анықталған жоқ.