Павлодарда суға кеткен жігіттің денесі іздестірілуде

Павлодарда суға кеткен жігіттің денесі іздестірілуде
Pavlodarnews.kz

Іздеу шараларына университеттің студенттері мен оқытушылары жұмылдырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қайғылы оқиға кеше, 11 маусымда орталық жағажайда орын алды. Сүңгуірлер дереу іздеуге кірісті.

Бұл туралы VITA іздеу жүйелері хабарлады.

- Қайтыс болған адам 26 жаста. Ол отбасындағы жалғыз ұл, магистратураға түсуді жоспарлап жүрген. Бізге жоғары оқу орындарының оқытушылары көмек сұрап жүгінді, - дейді еріктілер.

Сонымен қатар, «VITA» қала тұрғындарын Ертіс өзенінде абай болуға шақырады. Жағажайда жасөспірімдер ересектердің қарауынсыз жүреді, сондай-ақ алкогольмен пикник ұйымдастырған адамдар көп.