Елордада 64 адам суши жеп уланды 

Елордада 64 адам суши жеп уланды 

Оның 52-сі ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары растады. Науқастардың барлығы қаладағы жапон тағамдарын сататын мейрамхананың бірінде ас ішкені белгілі. Ем қабылдап жатқандардың арасында 11 бала бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты дейді. Ал әлгі мейрамханаға тексеріс жүргізген мамандар біраз былықтың барын айтады. Сөйте тұра, тамақтану орны жабылмаған. Әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатыр.