Павлодардағы орталық жағажайда 26 жастағы жігіт суға кетті

Ажал құшқан адам Қытайдан оқуға келген қандасымыз болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта сүңгуірлер Ертіс өзенінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметіне оқыс жағдай туралы жігіттің жанында болған достары хабарлаған. Олардың айтуынша, шетелдік азамат облыстағы жоғары оқу орнына түспек болған.

Тлекжан Галлямов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

– Адам бату фактісі бойынша арнайы хабар келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына 10 адам және екі жүзу құралы жұмылдырылды. Бүгінгі күнге шейін іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда үш шақырымдық жердегі өзен акваториясы тексерілді.